Жармақ сатушы үшін төлем құралы болып табылмайды және сатушы тарапынан қолма-қол ақшаға айырбасталмайды. Жармақ тек atasuai платформасының ішкі функционалы шеңберінде қолданушыларға ұсынылатын ішінара төлем мүмкіндігі ретінде пайдаланылады.

Сатушы әрбір тауар бойынша Жармақ арқылы төлеуге рұқсат етілетін үлесті өз бетінше белгілейді. Аталған үлес 0%, 3%, 5% немесе 7% мөлшерінде айқындалады және тауар карточкасында көрсетіледі.
Сатушы 0% мөлшерін белгілеген жағдайда, тиісті тауар үшін Жармақ пайдалану мүмкіндігі берілмейді. 3%, 5% немесе 7% мөлшер белгіленген жағдайда, қолданушы тауар құнының тиісті бөлігін Жармақ арқылы төлеуге құқылы.
Жармақ арқылы төленген сома сатушыға ақшалай түрде өтелмейді және сатушының пайдасына аударылмайды. Сатушыға аударылатын төлемдер тек қолданушы тарапынан ақшалай төленген сома негізінде жүзеге асырылады.
Жармақ қолдану нәтижесінде туындайтын ішкі есеп айырысулар atasuai платформасының ішкі ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
atasuai сатушы белгілеген Жармақ пайдалану шарттарына, сондай-ақ Жармақ қолдануға байланысты сатушының коммерциялық шешімдеріне жауапты болмайды.
atasuai Жармақ жүйесінің қолданылу тәртібін, мөлшерлерін және шарттарын біржақты тәртіппен өзгертуге немесе жүйені толықтай тоқтатуға құқылы.