1
. Төлем тәртібі
1.1. Тауарды төлеу Пайдаланушы тарапынан Платформада қолжетімді тәсілдердің бірімен
жүзеге асырылады: банк картасымен, электронды әмиянмен немесе сайтта көрсетілген
басқа тәсілмен.
1.2. Платформа төлемдерді Сатушының атынан және тапсырмасы бойынша агент ретінде
қабылдайды.
1.3. Тауардың құны Платформада теңгемен (KZT) көрсетіледі және ҚҚС-ты (қолданылса)
қамтиды.
1.4. Жеткізу құны бөлек есептеледі және таңдалған жеткізу тәсілі мен алушының мекенжайына
байланысты.
1.5. Агенттік қызметтерді көрсету үшін Платформа Сатушының қаражатынан
Сатушымен жеке келісімде келісілген мөлшерде комиссия ұстайды.
1.6. Төлем расталғаннан кейін Пайдаланушыға электронды чек немесе
түбіртек жіберіледі.